Бүгін «WorldSkills Karaganda–2026» өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Бұл чемпионат жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын халықаралық стандарттарға сай бағалауға бағытталған маңызды іс-шара болды. Қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттері мен жауапкершіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Чемпионат қорытындысы бойынша біздің колледжіміздің “Мектепке дейінгі білім беру” мамандығының МД-9-23 тобының студенті Дәрібай Алтын жоғары дайындық пен кәсіби шеберлік танытып, ІІ орынға ие болды. Бұл – студенттің еңбегі мен табандылығының және сапалы дайындықтың нәтижесі.
Студенттің жетістігіне жетекшілік етіп, кәсіби қолдау көрсеткен эксперт-компатриоты Копишева Ақсаулем Дәуренбекқызы. Оның біліктілігі мен жанашырлығы студенттің жоғары нәтиже көрсетуіне үлкен үлес қосты.
Сонымен қатар, бас сарапшы Баймбетова Алтын Тельмановнаға чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.
Біздің жеңімпазымызды, эксперт-компатриотын және чемпионаттың ұйымдастырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
