Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

     25.04.24ж-26.04.24ж күндері аралығында көптен күткен Enactus Kazakhstan National Expo 2024 ұлттық лигасы өтті. Іс-шара салтанатты ашылудан басталды, содан кейін World Cup Лигасы аясында қызықты жеребе және іріктеу турлары өтті.
    Бірінші күні, бағдарламада:
-Мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің V Республикалық чемпионаты 
-Колледж студенттері арасындағы студенттік кәсіпкерліктің кубогы 
-Early Stage League
-World Cup League 
-Экосистема Стартапп баттлы 
-Smile Race қаржылық сауаттылық бойынша турниры 
   Бағдарламадан тыс сонымен қатар, Enactus Kazakhstan National Expo 2024 алаңында жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Сонан соң, командалар шеруі өтті. Бірден Early stage және World Cup stage аясында жеребе тасталды. Біздің Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Темирбулатова А.А  қолдауымен «Saranjastary” командасы  Маженова С.С. жетекшілігімен және вице капитан Қонысали З., проект менедждерлер Аюпова М., Алпысова А. 2 лигада өз бақтарын сынады, нәтижесінде жартылай финалға жолдама алып, 1 орынға ие болып, Кубок және сертификаттармен марапатталды. Ержанова А.М. ұйымдастыруымен Астана қаласында 2024 Ұлттық кубогы өте жоғарғы деңгейде өтті.