Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен 2025 жыл - жұмысшы мамандығы жылы болып белгіленді. Еліміздегі индустрияны жаңғыртуда бұл ерекше серпіліс беретіні анық. Президентіміздің бұл бастамасын ерекше ықыласпен қолдаймыз. Себебі, қазіргі кезде өндірістің түрлі саласы дамып жатқан кезеңде жұмысшы мамандар өте қажет. Бұл міндетті шешу колледждерге жүктеліп отыр. Демек, осы жылы үкімет тарапынан колледждерге ерекше назар аударылады. Мектептің көптеген түлектеріне жұмысшы мамандығын алуға мүмкіндік жоғары болады. Кейінгі жылдары Саран қаласында арнайы өндіріс алаңы құрылып, көптеген өндіріс орындары ашылып жатыр. Осы өндіріске қажетті мамандарды біздің колледж даярлауда. Колледжде жұмысшы мамандығы кеңінен насихатталып, жастардың осы мамандыққа қызығушылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Енді осы жұмысшы мамандығы жылы қарсаңында бұл бағыттағы жұмыс қарқынды түрде жалғасып, жаңа бастамалар қолға алынбақ.
Махаметчин Е.Д., директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.