Оқу жылының басынанбастап колледжіміздің дене тәрбиесі ғимаратында Қазақ күресінен спорттық Секция өтіліп жатыр.
Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыз.Бұл күрес жылдамдық, ептілік, күш және айла-тәсілдердің кең диапазонды қимыл-қозғалысымен қызықты. Сондықтан да оның адамның көңіл-қуанышын арттыратын, қанын қыздырып, ерлікке, елдікке баулитын қасиеті бар.
Айта кететін болсақ үйірме қатысушылары қалалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға иеленіп жатыр.
Қазақ күресінен Секция әр сәрсенбі сайын сағат 17.30-дан 19.30-ға дейін өткізіледі. Жаттықтырушы-оқытушы М. Жансерік