Колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады.
Үміткерлер колледждерге екі жолмен өтініш бере алады:
1) колледжде қағаз түрінде
2) https://oqu.edu.kz/порталы арқылы.
Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз аралығында, ал 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында:
- шығармашылық мамандықтар бойынша - 25 маусым мен 20 шілде аралығында,
- педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусым мен 15 тамыз аралығында.
Орта деңгейлі және қолданбалы бакалавр дәрежесіне түсушілер үшін қабылдау сертификаттың орташа баллы негізінде жүзеге асырылады. Рейтинг міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жұмысшы мамандықтарына түсетін түлектер әңгімелесу нәтижесі бойынша колледжге қабылданады.
Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар немесе әңгімелесуден өтеді. Оларды колледждердің қабылдау комиссиялары жүргізеді. Талапкерлерге арналған конкурстар 19 тамыз бен 25 тамыз аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.