College Activity Reports

Новости

      Бүгін, 07 ақпан күні қоғамдық-жаратылыстану пәндерінің апталығы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Тарихи тұлғалар» атты конференция өтті. Конференцияның мақсаты – студенттер мен оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын оятуға жағдай жасау, дарынды жастардың әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек беру болып табылады. Конференцияның негізгі міндеттері – студенттер мен оқушылар арасынан дарындыларын анықтау және оларға қолдау көрсету, өзінің тұратын елді мекенінің тарихына терең үңіліп, ынта қоюға тарту, студенттердің өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуіне ықпал жасау.

    Конференцияда баяндамасымен қатысқан студенттердің мәліметтері Қарағанды облысы және Саран қаласының тарихына қатысы бар, облысымыздың және қаламыздың Ұлы Жеңіске қатысы бар ардагерлер мен тыл ардагерлер тұлғасымен тағдырымен ұштастырылды.

     Конференция соңында қатысушы студенттер арнайы сертификаттармен, ал, жетекші пән оқытушылары Алғыс хаттармен марапатталды.

     Іс-шара жетекшісі – қоғамдық пәндер оқытушысы Қозыбағаров А.И.