College Activity Reports
Бүгін колледжімізде Ұстаздар күніне және 2 қазанда аталып өтетін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлері күніне арналған «Ұстазға алғыс – ұрпақтан» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік кешті жауапты педагогтер мен «Жігер» студенттік парламентінің белсенділері ұйымдастырды. Кеш барысында студенттер ұстаздарға ән арнап, би билеп, өлең оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Ерекше әсерлі сәттердің бірі – колледжіміздің 1999, 2012 және 2020 жылғы түлектерінің арнайы келіп, өздеріне білім мен тәрбие берген ұстаздарын мерекемен құттықтауы болды. Бұл – ұстаз еңбегінің жылдар өтсе де шәкірт жүрегінде сақталатынының жарқын көрінісі.
Колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна барша ұстаздар мен колледж қызметкерлерін мерекемен құттықтап, педагогтерге біліктілік санаты туралы куәліктерін табыстады.
🌷 Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған ең қымбат инвестиция!
Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!

sgtk2020@gmail.com