27 қыркүйек күні БҚ-11-23 тобы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Қарты бар үйдің - қазынасы бар” атты тәрбие сағатын өткізді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек.
Тәрбие сағатына қонақ болып тобымыздың студентті Мейрамбекқызы Дананың әжесі Рахымбайқызы Ридаш апа және Саран аласының мәдениет үйінің “Аманат” клубының жетекшісі Кернебаева Нуржамал апайымыз келді. Тәрбие ісі жөніңдегі директордың орынбасары Жаяубаев Жамбыл Карымсакович келіп өзінің жылы лебізімен бөлісті. Өткізген: БҚ-11-23 тобы. Топ жетекшісі: Кусаинова Ж. К.