College Activity Reports

Новости

      14 ақпан күні жұмысшылар жылына орай Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қамқоршылық кеңесті кеңес төрағасы Саран қалалық маслихатының депутаты Тажибаева Н.С. жүргізді. Отырыс барысында колледж директоры Темирбулатова А.А. колледждің материалдық-техникалық базасында болған өзгерістерімен таныстырып, колледжде 2024 жылы жеткен оқу-әдістемелік жетістіктер, материалдық техникалық базаны жаңарту, өткізілген жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар «Жұмысшы мамандығы» жылына орай бекітілген жоспармен, колледждің стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Нәтижесінде қамқоршылық кеңес мүшелері колледждегі 2024 жылда жасалған жұмыстарға оң бағасын берді. Кеңес мүшелері тарапынан колледждің оқу тәрбиелік жоспарына шығармашылық  және тәрбиелік бағытта бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасап, 2025 жылға Қамқоршылық кеңестің 2025 жылға арналған жоспары бекітілді.