College Activity Reports
21 наурыз күні колледж ұжымы қалалық Наурыз мейрамына қатысты. Кигіз үйінде ұлттық дастархан жайып, келген қонақтарды зор құрметпен қарсы алдық. Сонымен қатар, ұлттық ойындарға да белсене қатыстық. Қой көтеру бойынша әріптесіміз Мурат Даулетбай жеңімпаз атанды, арқан тартысынан колледж ерлері 2-ші орынға ие болды. Гир көтеруден колледж студенттері чемпион атанды және Наурыз көже байқауында Кульпеисова Назира Елюбаевна жеңіске жетті. Жалпы, қалалық Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!