Новости

    Қазанның 30-шы жұлдызында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы  ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстанның үздік студенті» атты республикалық форум өтті.
    Форумда Абай Құнанбаев  атындағы Саран жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі мамандығы  бойынша білім алып жатқан 4 курс студенті  Кәдірбаева Аяна Жанғалиқызы жеңімпаз атанып, І-дәрежелі диплом, Кубок және де «Қазақстанның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі: Касимова Б.С.