Қарағанды қаласында ҚР-сының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Г. С. Лутошкинді еске алуға арналған каратэден (WKF) "Karaganda open-2024" халықаралық турнирі өтті. Атаулы турнирге еліміздің және алыс-жақын шетелден көптеген жас спортшылар жиналды. Осы додалы жарыста, 16-17 жас аралығында, "Кумите" бағдарламасындағы 53 кг салмақ дәрежесінде колледжіміздің студенті Зейнуллаева Аружан жүлделі 3-орынға ие болды. ДТ-9-23 тобы студенті Зейнуллаева Аружанды жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!