College Activity Reports

Новости

    2025 жылдың 07 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша кәсіби шеберліктің облыстық конкурсы офлайн форматында өткізілді. Аталмыш конкурс колледжіміздің қабырғасында 3-ші жыл қатарынан аталып өтуде.
    Конкурс мақсаты: педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу.
    Конкурсқа ТжКОБ ұйымдарынан педагогикалық мамандық бойынша және жалпы білім беретін пәндер педагогтары қатысты.    
    Конкурс 3-модульден тұрды:
– «Мен және қоғам» 
– «Әдістемелік жоба» 
– «Мультимедиялық технологиялар»
        Конкурс нәтижесі: 
   -педагогикалық мамандық бойынша 1-орын Орынбасарова Жанарым Уалихановна (КМҚК «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»), 2-орын Баймбетова Алтын Тельмановна («Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі»), 3-орын Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна (Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі ЖММ)
   -жалпы білім беретін пәндер бойынша 1-орын Корчагина Екатерина Игорьевна («Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі»), 2-орын Бижанова Арай Галиевна (КМҚК «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»), 3-орын Шарбекова Эльвира Ергалиевна («Балқаш қаласының медициналық колледжі»)
       Конкурсқа қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықты, кәсіби іскерліктері  мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеруді көрсете білді.