College Activity Reports
Екі күн бойы, яғни 3-4 сәуірде, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында спорт саласындағы аймақтық кәсіптік шеберлік байқауы өтті.
Байқауға Қарағанды облысының 6 дене шынықтыру оқытушысы қатысты:
1. Аханов Ерік Амантаевич, «Техника құрылыс колледжі»;
2. Хамитжанова Даяна Жанатовна, «Шахтинск технология колледжі»;
3. Бидолда Қабдылмүлік Болатбекұлы, «Шахтинск технология колледжі»;
4. Музапаров Рустем Ерболович, КВК «BOLASHAQ»;
5. Анарбеков Батырхан Анарбекович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі»;
6. Байхадамов Арман Аманұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі».
Байқауды ұйымдастырушылар:
- «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК
- «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК
Байқаудың үздік жұмыстарын анықтау үшін комиссия мүшелері бағалады:
Комиссия мүшелері:
1. Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі, педагог-зерттеуші Уразбеков Жомарт Сейтказинович
2. «№24 Жалпы орта білім беретін мектеп диреторы, дене шынықтыру оқытушысы, педагог-зерттеуші Бектемиров Канат Айткожаевич;
3. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Дене мәдениеті және спорт факультетінің Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Қарынбаева Маржан Жайлаубаевна;
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің Докторанты Бағдаулет Тілеубек.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
1 орын -Байхадамов Арман Аманұлы “Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі”;
2 орын - Хамитжанова Даяна Жанатовна “Шахтинск технология колледжі”;
3 орын - Бидолда Қабдылмүлік Болатбекұлы “Шахтинск технология колледжі”;
Осы байқаудың жеңімпазы Республикалық байқауға қатысады.
Байқаудың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.