Новости

     Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
     Аналардан туған небір даналар.
     Ана деген тіршіліктің тірегі,

     Мереке құтты болсың, қасиетті аналар!
     Қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі мереке тек Сіздер үшін.
     7 наурыз күні колледждің ер мұғалімдері “Тек Сіздер үшін” атты концерт өткізді.