Новости

     Саран қаласының жастары колледж еріктілері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын барынша қолдады.
     Саран қаласында 10 қыркүйекте «Жастар Таза Қазақстан үшін!» экологиялық акциясы өтті. Оның мақсаты – экология мәселелеріне назар аудару, жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ Саран қаласындағы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.
Қала жастары және колледж еріктілері 100 өкілі су қоймасының аумағын тазалап, жағалауды қоқыстардан тазартты. Сәуір айының басында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қазақстандықтар тарапынан кеңінен қолдау тапты.