Новости

        Рухани келісім күні аясында жатақханада тұратын студенттер тәрбиешілермен бірге қасиетті Мәуліт айының құрметіне арналған Саран қалалық мешіті «Мінсіз Мұхаммед» атты рухани мәуліт кешіне қатысты. Рухани шараны Саран қаласының имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы ашып, жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады. Тәлімі мен тағылымы мол кешке имам ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері де қатысты. "Хазірет Әли" мешітінің имамы Рахматуллаев Алимжан Қазақбайұлы уағыз-насихат жүргізсе, Абдрахманов Дастан Жанқозыұлы арнайы мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымызға салауат жолдады. Мәуліт айының құрметіне арнайы салауат тобының тұрақты қатысушыларына сый-сыяпаттар табысталды.  Және де мешіт қызметкерлері сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді. Осындай рухани іс-шараға куә болған жамағат бір-біріне алғыс айтып тарасты.