Бүгін МД-9А-23 тобының студенттері 25-қазан Республика күніне орай "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Әнұранмен ашылған тәрбие сағатында студенттер республика күнінің мәнін ашып түсіндіріп, Қазақстанның әлемдік аренадағы ерекшеліктерін айтып, ойын арқылы еліміздің тарихы мен жетікстіктері бойынша білімдерін тексерді. Студенттер мерекенің құрметіне орай өз өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатына бөлім меңгерушісі А.Д.Кунедилова оң бағасын беріп, студенттерге сәттілік тіледі.