Білім беру саласының үздіктері Астана қаласында өткізілген Педагогтердің Республикалық тамыз кеңесінде бас қосты.
«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу процесін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллект енгізу ерекшеліктеріне арналған Саммит жұмысының ауқымы кең әрі мазмұнды.
Оқу процесіне цифрлық ресурстарды енгізудің тиімділігі білім алушылардың білім сапасын арттыруға үлес қосары анық.
Саммит жұмысына колледжіміздің информатика және ақпараттық технологиялар пәндерінің оқытушысы Г.Р.Галеева қатысып, жетекші сарапшы мамандармен, әріптестерімен пікір алмасты. Сондай-ақ, пленарлық секция отырыстарына қатысу барысында оқытудың инновациялық әдістерін, цифрлық шешімдер мен тиімді оқыту тәсілдерін, цифрлық білім беру ресурстардын тиімді қолдану, оны инклюзивті білім беру жағдайында нәтижеге қол жеткізу, жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне интеграциялау, педагогтердің цифрлық құзіреттіліктерін дамыту және басқа да заманауи трендтермен танысып, тәжірибе жинақтады.
Ерекше форматта ұйымдастырылған, өзекті мәселелер, жаңа озық тәжірибелер мен идеялар талқыланған маңызды бас қосу болды.