gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

   Колледжімізде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл жай ғана мереке емес, тарих пен бүгінгі күн тоғысқан, ұлттық рухты асқақтатқан ерекше саяхат болды. Мереке тізгінін ұстаған жүргізушілер: Манаш Әлішер Ерболатұлы және Лопатко Ирина Георгиевна.
   Мереке шымылдығы экрандағы гүлденген степ пен асқар таулардың бейнесімен ашылды. Сахна сыртынан Наурыз туралы терең мағыналы сөздер естіліп, көрерменді ойға батырды. Сәлден соң «Жігер» тобы «Жетіген» биімен сахнаны нұрландырса, залда шырқалған «Жарапазан» әуені нағыз тойдың басталғанын паш етті.
   Мерекенің ресми бөлімінде колледж директоры Алма Асхатовна Темирбулатова сөз алып, барша ұстаздар мен студенттерді жыл басымен құттықтады. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақ тілегін білдірді.

     Биылғы мерекенің ерекшелігі - колледж бөлімдерінің төрт түрлі «ауылға» бөлінуі болды:
«Дәстүр» ауылы (Қазақ бөлімі): Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеді.
«Өнер» ауылы (Дене шынықтыру бөлімі): Мұнда нағыз батырлар сайысы — «Итеріспек», «Бес тас», «Қол күрес» ойындары өтті.
«Береке» ауылы (Шет тілі бөлімі): Тілдер мен мәдениеттер тоғысқан, қонақжайлылық мекені.
«Болашақ» ауылы (Технологиялық бөлім): Дәстүр мен заманауи технологиялар ұштасқан футуристикалық блок.
   Кештің ең дәмді сәті — «Бауырсақ-party» бейнероликтер байқауы болды. Қатысушылар бауырсақ пісіру өнерін шығармашылықпен көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жеңімпаздарды колледж директорының орынбасары Жаяубаев Ж.К. арнайы марапаттады.
   Мерекенің қадірлі қонағы — Қыдыр ата жиналған қауымға ақ батасын беріп, ел амандығы мен ырыс-береке тіледі. Мереке оқытушылардың қатысуымен өткен жаппай «Қара жорға» флешмобына және барлық қатысушылардың орындауындағы «Наурыз-думан» әніне ұласты. Ұйымдастырушылар мен жауапты тұлғалар:
   Осындай ауқымды мерекенің ең жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жауапты мамандар: Копишева А.Д, Горшанова И.Р., Чернышева А.А., Пеннер А.В., Түсіпова Ф.Е., Пономарева Р.Н.

    

Наурыз-мейрам: Торжество весны, традиций и будущего
    В нашем колледже состоялось грандиозное празднование Наурыз-мейрам, которое прошло на самом высоком уровне. Это событие стало ярким воплощением единства, гостеприимства и преемственности поколений, оставив незабываемые впечатления у всех гостей.

    Ведущие праздника: Манаш Алишер Ерболатович и Лопатко Ирина Георгиевна. Благодаря их профессионализму и артистизму, мероприятие прошло на одном дыхании.
    Программа началась с поэтичного пролога: на фоне кадров расцветающей степи прозвучали вдохновляющие слова о Наурызе. Танец «Жетіген» от группы «Жігер» погрузил зрителей в атмосферу древних легенд, а шумное шествие гостей с песнями «Жарапазан» наполнило зал праздничной энергией.

    С приветственным словом к коллективу и студентам обратилась директор колледжа Алма Асхатовна Темирбулатова. Она отметила важность сохранения национальных традиций и пожелала всем процветания в новом году.

    Изюминкой сценария стало творческое путешествие по четырем импровизированным «аулам»:
Аул «Дәстүр» (Казахское отделение): Центр сохранения народных обычаев.
Аул «Өнер» (Отделение физкультуры): Спортивный блок с азартными национальными играми.
Аул «Береке» (Иностранное отделение): Площадка дружбы народов и демонстрации культурного многообразия.
Аул «Болашақ» (Технологическое отделение): Взгляд в завтрашний день сквозь призму новых технологий.

Конкурс «Баурсак-party»
    Самым долгожданным этапом стал кулинарный видеоконкурс «Баурсак-party». Команды представили креативные ролики, продемонстрировав сплоченность и мастерство. Победители получили заслуженные награды.

    Кульминацией праздника стало появление Кыдыр ата, который дал свое традиционное благословение (бата). Праздник завершился массовым флешмобом «Кара жорга» в исполнении преподавателей и финальной песней «Наурыз-думан».
    Ответственные за организацию мероприятия:
    Администрация колледжа выражает глубокую благодарность творческой группе организаторов за высочайший уровень подготовки: Копишевой А.Д, Горшановой И.Р., Чернышевой А.А., Пеннер А.В., Тусуповой Ф.Е., Пономаревой Р.Н.
    Наурыз мейрамы құтты болсын! С праздником обновления и весны!