Новости

     "Менің елім - Қазақстан" атты Республика күніне орай ұйымдастырылған тәрбие сағатында ҚТӘ-9-24 тобы студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Жанбол Карымсакович пен қазақ бөлімінің меңгерушісі Кунедилова Акмарал Даригуловна іс-шараға қатысып, студенттерге жылы лебіздерін білдірді. Бұл тәрбие сағаты жастардың патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталды.