Новости

    Колледжде «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру және мәселеге назар аудару болды. Кездесу барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы ақпарат алды. Студенттерге өмірлік мысалдар арқылы қауіпсіздік шаралары мен қорғаныс тәсілдері түсіндірілді, ал мамандар проблеманы шешу жолдары және көмекке жүгіну мүмкіндіктері жайында кеңес берді.