gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

     2026 жылдың 19-20 мамырында Нұра кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінде мектеп түлектеріне арналған «Кәсіптік бағдарлау навигаторы» атты аудандық форум өтті. Ауқымды шараға Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары К.Х. Абжатов, Қ.С. Алтай және И.Р. Гаршанова қатысты. Колледж педагогтары стенд конференциясында «Печа-Куча» форматын қолдана отырып, оқу орнының жетістіктері мен мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндіктерін серпінді түрде таныстырды.

    Сонымен қатар, олар заманауи трендке сай білім беруде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдана отырып, колледж бойынша ақпарат ұсынды. Форум барысында мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесетін құнды ақпараттар беріліп, жеке кеңестер ұйымдастырылды. Бұл шара мектеп оқушыларының кәсіптік білім беру бағытында дұрыс бағдар алуына үлкен септігін тигізді.