College Activity Reports
Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде маңызды іс-шараның бірі өтті. Колледжде жаңа кабинет - «Кәсіп әлемі» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылу рәсімі Қарағанды облысы білім басқармасы өкілдерінің және колледж директорларының қатысуымен өтті. Қарағанды облысы білім басқармасы бөлім басшысы Оспанова Каламкас Тулеубаевна, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директоры Темирбулатова Алма Асхатовна сөз сөйлеп, ресми ашылу рәсімі – қызыл лентаны қию рәсімін жасады.
«Мамандықтар жылына» орай білім басқармасы көмегімен, «Кәсіп әлемі» кабинеттері ашылып жатыр. Аталмыш кабинет республика көлемінде Өскемен, Шымкент және Саран қаласындағы біздің колледже ашылған екен. Бүгінгі шара жас ұрпаққа бағыт берер, кәсіпке деген қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз!