Новости

     2024 жылдың 12-14 ақпан аралығында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің ұстаздары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Қарағанды облысы, Шет ауданында үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Колледж оқытушылары Хайруллин И.М., Байхадамов А.А., Манаш Ә.Е. аудан оқушыларына колледжіміз туралы барлық мәліметтерімен бөлісті.

     Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы кентінің мектептерін, ауданға қарасты ауыл мектептерін толықтай қамти отырып, биыл мектепті бітіруші оқушыларды Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы техникалық колледжінің мамандықтарымен таныстырып, біздің колледжді таңдауға шақыруда. Жыл сайын өткізілетін бұл шаралар биыл да өз жалғасын табуда.