College Activity Reports
Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттармен кездесу өтті. Іс-шараға колледж оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламалары туралы айтып, колледж ұжымымен танысты.
Колледж директоры Алма Темирбулатова қонақтарға оқу орны бойынша экскурсия жүргізді. Олар музейді, оқу кабинеттерін, акт залын, брендтелген кабинетті және спорт залын аралап, колледждің тыныс-тіршілігімен танысты.

sgtk2020@gmail.com