College Activity Reports

Новости

     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері жалғызбасты әжейге көмек қолын созды. Олар көктемгі маусымда әжейдің бақшасын қазып беріп, тұрмыстық істеріне қолғабыс жасады.

    Бұл – колледж ұжымы мен студенттерінің тарапынан алғашқы көмек емес. Ардақты анаға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Қамқорлық – адамгершіліктің белгісі. Осындай игі істер арқылы жастарымыз мейірімділікке, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиеленуде.