College Activity Reports
«Жүректен жүрекке: Мұғалім миссиясы» атты облыстық педагогикалық бейнеролик байқауы – ұстаз мәртебесін арттыруға, педагог мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттауға және мұғалімнің рухани-адамгершілік миссиясын айқындауға бағытталған шығармашылық жоба.
Байқаудың мақсаты – білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың кәсіби шеберлігін, жаңашылдығын, шығармашылық ізденісін дәріптеу, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы шынайы байланысты, жүректен шыққан ықылас пен мейірімді көрсету.
Байқауға Бқ-11-24 тобының студенттері Амангельд Марал, Тұрған Жаная қатысты. Қатысушылар өз бейнероликтері арқылы мұғалім мамандығының қоғамдағы рөлін, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл тәжірибелерін көрсете білді. Жүлделі 3 орын иеленді. Жетекшісі: Зейнетоллина Ү.К. Маженова С.С.

sgtk2020@gmail.com