College Activity Reports

Новости

    22.12.2025 күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжінде “Жігер” студенттік парламентінің ұйымдастыруымен дәстүрлі “Қысқы бал” өтті. ❄️

    Бұл кеш – сұлулық пен талғамның, өнер мен жастықтың тоғысқан сәті болды. Студенттер әсем көйлектер мен классикалық костюмдер киіп, мерекелік атмосфераны ерекше сезінді. Вальс ырғағы, жарқын күлкі, достық көңіл-күй – бәрі де шараның сәнін келтірді. Кеш барысында үздік жұптар, ерекше образдар және белсенді қатысушылар болды.

   Бұл бал – колледжіміздің шығармашылық әлеуетін, ұйымшылдығын және студенттер арасындағы достық пен сыйластықты тағы бір мәрте дәлелдеді.

❄️ “Қысқы бал – есте қаларлық мереке!” ❄️

#ҚысқыБал2025 #СВГКТ #ЖІГЕР#СтуденттікӨмір #МерекелікКеш #СұлулықПенӨнер