gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

   17.02.2026 жылы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж жатақханасының тарихында ерекше күн. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарын негізге ала отырып, жатақхана мұражайының салтанатты ашылуы болды.

   Мұражайдың ашылу мақсаты: жатақхана тарихын сақтау. Ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Студенттерді адалдыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Жатақханамыздың 50 жылдық шежіресін насихаттау.        Мұражай – біздің ортақ тарихымыздың айнасы. Мұнда жатақханада өмір сүрген сан мыңдаған студенттердің ізі жатыр. “Адал азамат” қағидаты – адал еңбек, адал білім, адал ұрпақ. Осы құндылықтарды жас буынның жүрегіне сіңіру. Жатақхана – студенттердің екінші үйі, өмір мектебі. Бүгінгі ашылып отырған мұражай – осы шаңырақтың жарты ғасырлық тарихының айғағы, өткенге тағзым, болашаққа сенімінің белгісі.

  

   17 февраля 2026 года - особенный день в истории общежития. На основе единой программы «Адал азамат» біртұтас тәрбие, предложенной Президентом Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев состоялось торжественное открытие музея общежития.
Цель открытия музея: сохранение истории общежития; укрепление преемственности поколений;
воспитание студентов в духе честности и патриотизма; популяризация 50-летней летописи общежития.
    Музей — это зеркало нашей общей истории. Здесь отражён след тысяч студентов, проживавших в общежитии. Принцип «Адал азамат» — это честный труд, честные знания, достойное поколение. Важно прививать эти ценности молодёжи. Общежитие — это второй дом и школа жизни для студентов. Открытый сегодня музей — свидетельство полувековой истории этого дома, знак уважения к прошлому и уверенности в будущем.