Новости

     Бүгін 26 ақпанда колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Саран қаласы полиция бөлімі, криминалдық полиция бөлімше бастығының орынбасары, полиция капитаны Айбар Асқанұлы Қазиевпен кездесу өтті.
     Полиция капитаны жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және нашақорлық мәселесі, дроппер, бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімдердің өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда және сауда- саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін, сондықтан қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігіне нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.

    Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.