College Activity Reports
2025 жылғы 2 маусымда Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі жыл сайынғы лингвистикалық және спорттық лагерьдің салтанатты ашылуы өтті.
Осымен 12 жылғы маусымын ашқан бұл лагерь - Саран қаласының жас тұрғындары үшін жазғы маусымның жарқын бастамасы болып, білім, шығармашылық және белсенді демалысты біріктірген ерекше оқиғаға айналды.
Маусым айының басында колледж жыл сайын балалардың мектеп күнделікті тіршілігінен демалып қана қоймай, жеке қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейтуге, жаңа достар тауып, тілдік және дене шынықтыру атмосферасына енуге мүмкіндік беретін кеңістікке айналады. 2025 жылы лагерьге қала мектептерінен 1–9 сыныптарда оқитын 140-тан астам оқушы қатысты, бұл ата-аналар мен балалар тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екенін көрсетеді.
Лагерьдің негізгі мақсаты — көпқырлы:
Бұл лагерь колледждің 3-курс студенттері үшін де үлкен тәжірибе алаңына айналды. Олар педагогикалық практикадан өтіп, балалармен интерактивті түрде жұмыс жасап, тәлімгерлік дағдыларын жетілдірді.
Лагерьдің салтанатты ашылуы достық әрі қуанышты леппен өтті. Қонақтарға колледж директоры Алма Асқатқызы Темірбулатова құттықтау сөз арнап, мұндай жобалардың үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.
Лагерь бағдарламасына ерекше назар аударылды. «Lingvo Land» тілдік лагерінің жетекшілері Седова А.В., Чернышева А.А. және «Қазына» лагерінің жетекшілері Маженова С.С., Баймбетова А.Т. балалардың тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Лагерьдегі әр күн түрлі тақырыптағы белсенділіктерге толы — тілдік шеберлік сабақтары, театрландырылған қойылымдар, спорттық эстафеталар мен квесттер өткізіліп, балалар ойын арқылы білім алып, жүктемесіз үйренуде. Ең есте қаларлық сәттердің бірі — колледж студенттері дайындаған шағын спектакль болды. Ашық түсті костюмдер, шынайы эмоциялар мен көрермендердің белсенді қатысуы бұл қойылымды мерекенің шынайы сәніне айналдырды. Сондай-ақ «Шуақ» лагерінің жаттықтырушылар командасы ұйымдастырған көңілді спорттық жарыстар өтті (жетекшісі — Баймолдин А.О.), онда әр қатысушы өзінің физикалық мүмкіндіктері мен командалық рухын көрсете алды.
Колледждің жанынан ашылған лагерь — бұл жай ғана демалыс орны емес. Бұл — өзара түсіністік, шабыт пен қолдау кеңістігі. Мұнда әр бала өз маңыздылығын сезініп, табысқа жету қуанышын татады. Бағдарламаның алуан түрлілігі балаларға тек тілдік білімді жетілдіріп қана қоймай, командалық жұмыс істеуді, ойын арқылы ой бөлісуді, пікір алмасуды, сахналық өнерге қатысуды және дене белсенділігінің маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік береді. Лагерьді ұйымдастыруда педагогтар мен тәжірибеден өтуші студенттердің еңбегі ерекше. Олар қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, өз үлгілерімен балаларды шабыттандырады. Мұндай бастамалар қоғамда балаға, білімге және салауатты өмір салтына деген құрмет мәдениетін қалыптастырады.
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жазғы лингвистикалық-спорттық лагері — бұл маусымдық жоба ғана емес, жас ұрпақтың болашағына қосылған маңызды үлес. Мұнда әрбір бала өз қабілетін ашуға, шет тілінде сөйлесу кедергілерін жеңуге, білім мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға, жазды мағыналы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік алады.
2 июня 2025 года на базе КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж им. Абая Кунанбаева» состоялось яркое и значимое событие — торжественное открытие ежегодного лингвистического и спортивного лагеря, приуроченного ко Дню защиты детей. Это мероприятие стало ярким стартом лета для юных жителей города Сарань, объединив в себе элементы образования, творчества и активного отдыха.
Традиционно в начале июня колледж превращается в пространство, где дети могут не только отдохнуть от школьных будней, но и развить свои личные качества, расширить кругозор, познакомиться с новыми друзьями и погрузиться в атмосферу языкового и физического развития. В 2025 году лагерь принял более 140 учащихся 1–9 классов из школ города, что говорит о высоком интересе со стороны родителей и детей.
Цель лагеря многогранна:
Лагерь также стал важной практической платформой для студентов 3 курса колледжа, которые проходят производственную педагогическую практику, работая с детьми в интерактивной форме и получая ценный опыт наставничества.
Торжественное открытие лагеря прошло в дружелюбной и радостной атмосфере. С приветственным словом выступила директор Саранского высшего гуманитарно-технического колледжа — Темирбулатова Алма Асхатовна, которая подчеркнула значимость подобных проектов для воспитания гармонично развитой и социально ответственной молодежи. Особое внимание было уделено программе лагерной смены. Руководители лингвистических лагерей «Lingvo Land» Седова А.В., Чернышева А.А. и «Казына» Маженова С.С., Баймбетова А.Т. представили план мероприятий, направленных на формирование языковых и творческих способностей у детей. Каждый день в лагере насыщен тематическими активностями — языковыми мастер-классами, театрализованными постановками, спортивными эстафетами и квестами, что позволяет детям учиться играя, без перегрузок. Одним из самых запоминающихся моментов стал мини-спектакль, подготовленный студентами колледжа. Яркие костюмы, искренние эмоции и живое участие зрителей сделали его настоящим украшением праздника. Также прошли весёлые спортивные старты, организованные командой тренеров лагеря «Шуақ», руководитель Баймолдин А.О. где каждый участник смог проявить свои физические способности и командный дух.
Лагерь при СВГТК — это больше, чем просто отдых. Это пространство взаимопонимания, вдохновения и поддержки, где каждый ребёнок может почувствовать себя значимым и успешным. Благодаря разнообразной программе, участники не только улучшают знание языков, но и учатся работать в команде, выражать свои мысли, участвовать в дискуссиях и театральных постановках, а также осознают важность физической активности.
Большое значение также имеет вклад педагогов и студентов-практикантов, которые создают комфортную и безопасную среду, а также вдохновляют детей своим примером. Подобные инициативы формируют в обществе культуру уважения к детству, образованию и здоровому образу жизни. Летний лингвистико-спортивный лагерь при Саранском высшем гуманитарно-техническом колледже им. Абая Кунанбаева — это не просто сезонный проект, а важный вклад в будущее молодого поколения. Здесь каждый ребёнок получает шанс раскрыть свои таланты, преодолеть страх общения на иностранном языке, почувствовать вкус к знаниям и спорту, а также провести летние дни с пользой и удовольствием.
СВГТК им. Абая Кунанбаева продолжает традиции качественного образования и воспитания, открывая перед молодёжью всё больше новых горизонтов. А открытие лагеря — ещё одно подтверждение этого.