College Activity Reports

Новости

    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламенті Қарағанды қаласында өткен шарада Қарағанды облысы білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес атқарылған іс-шаралардың қорытындысы бойынша облыстық колледждер арасында «ЕҢ ҮЗДІК студенттік парламент» номинациясымен марапатталды.
    Бұл марапат — бір жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстардың, студенттердің белсенділігі мен бастамашылдығының, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың айқын нәтижесі. «Жігер» студенттік парламенті жыл бойы білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік және еріктілік бағыттағы көптеген маңызды іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытты.
    Аталған жетістік — колледж басшылығының қолдауы, тәлімгер ұстаздардың бағыт-бағдары және студент жастардың бірлескен еңбегінің жемісі. Бұл жеңіс тек бір ұжымның ғана емес, бүкіл колледж қауымдастығының ортақ мақтанышы.

    Алдағы уақытта да «Жігер» студенттік парламенті өз атауына сай қайсарлық пен жігер танытып, жаңа бастамалар мен биік жетістіктерге жететініне сенімдіміз.

 Алға, «Жігер»! Алға, белсенді жастар!