College Activity Reports

Новости

    25 қазан - тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған тарихи күн. 35 жыл бұрын дәл осы күні «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» қабылданды. Осыған орай «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі 2025 жылдың 22 қазаны күні Астана қаласында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Елім дегендер» өзге этнос өкілдері арасындағы шығармашылық байқауын өткізді. Осы байқауға «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінен жүзден жүйрік озып шыққан ФК-9-24 тобының студенттері Гондаренко Владимир мен Монич Сергей колледж атынан қатысып Алғыс хаттар иеленді. Гондаренко Владимир Қадір Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін оқыса, Монич Сергей эссе жазу сайысына қатысты.