College Activity Reports
Бүгін Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК-де Республика күніне арналған өнеге сағаты өтті.
Кештің негізгі мақсаты — жоба жетекшісі Мустафин Серік Хамзиевичтің жетекшілігімен колледжіміздің талантты студенті Ақбота Дәулетбайдың шығармалар жинағының жоба нұсқасын таныстыру және талқылау болды.
Жиынға ҚР журналистер одағының мүшесі, облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті қоғамдық бірлестігінің» алқа мүшесі, өлкетанушы Аңғар Смағұлов пен колледж түлектері — ақындар Нұрлыбек Төкенов және Ислам Еркебұлан қатысып, жас талантқа қолдау білдірді.
Ақботаның қаламы ұштала берсін! 📚✨
#ЕгемендіккеБастарЖол #РеспубликаКүні #СЖГТК #ЖасТалант #Саран

sgtk2020@gmail.com