College Activity Reports

Новости

    Бүгін тарихы терең, тағылымы мол оқу ордамызға 103 жыл толып отыр!
    Осы айтулы мерекемен барша әріптестерді, студенттерді және түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде колледжіміз білім мен біліктіліктің, кәсібилік пен адами құндылықтардың нағыз ордасына айналып, сан мыңдаған білікті мамандарды тәрбиелеп шығарды.
Әрбір жаңа күн осы білім ордасында жылы лебіздер мен шаттыққа толы жүздерден басталып, жоғары нәтижелермен, табыстармен және әрқайсыңыздың жетістіктеріңізбен аяқталсын деп тілеймін. Колледж қабырғасында әрдайым өзара құрмет, еңбекке деген құлшыныс пен жарқын болашаққа деген сенім салтанат құрсын.
    Колледжіміз өсіп-өркендей берсін, озық дәстүрлерін сақтай отырып, алға нық қадам бассын және жыл сайын еліміздің әрі әлемнің мақтанышына айналатын ақылды, қабілетті, дарынды, білімді, мақсаткер, табанды әрі батыл болашақ мамандарды түлетсін.
     Мерейлі мереке құтты болсын! Оқу ордамыздың 103 жылдығы құтты болсын!

  

    Сегодня нашему славному учебному заведению исполняется 103 года!
    От всей души поздравляю коллег, студентов и выпускников с этой значимой датой. За более чем вековую историю наш колледж стал настоящей школой знаний, профессионализма и человеческих ценностей, местом, где формируются характер, ответственность и стремление к успеху.
     Искренне желаю, чтобы каждый новый день начинался здесь с тёплых приветствий и радостных улыбок, а завершался высокими результатами, победами и достижениями каждого из вас. Пусть в стенах колледжа всегда царят взаимное уважение, вдохновение к труду и вера в собственные силы.
     Пусть наш колледж и дальше процветает, сохраняя лучшие традиции и уверенно двигаясь вперёд, ежегодно выпуская всё больше умных, способных, талантливых, образованных, целеустремлённых, настойчивых и смелых будущих специалистов — гордости нашей страны и нашего мира.
     С праздником! С 103-летием нашего любимого колледжа!