2024 жылы 19 тамыз күні Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ академиялық драма театрында "Білім беруді цифрландыру: Заман талабы мен мүмкіндіктері" тақырыбында оқытушылар арасында "Тамыз конференциясы" өтті. Бұл коференция Қарағанды облысының әкімі Е.К.Бөлекпаевтің жетекшілігімен өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Білім министрі Г. Б. Бейсембаевтың бейнеүндеуімен ашылып, Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Ш. Акпарованың, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Г. Жунусованың баяндамалары және конференция қонақтарының баяндамалары тыңдалды.
Бұл конференцияға колледжіміздің директоры А. Темирбулатова, директор орынбасарлары А. Муфталова, Ж. Жаяубаев, Е. Махаметчин және А. Қозыбағаров қатысып қайтты.