Новости

      Қазақта «Қаталдан – қатыгез іс, қайырымдыдан – қасиетті із қалады» деген қасиетті сөз бар. «Ардагер» – бұл қазақтың «ардақты ер» деген сөзінен туындаса керек-ті.
        Ал, қазақтың бүгінгі қазыналы қариясы кешегі Ұлы Отан соғысында майдан көрген, тылда еңбек еткен аталарымыз бен ағаларымыз, әжелеріміз бен аналарымыз. Олардың жүріп өткен жолы – бүгінгі қоғамға үлгі-өнеге, әрбір кеңесінде ұлттық сезім, адамгершілік пен адалдық, жауапкершілік пен ізгілік тұнып тұрады. Облысымыздың түкпір-түкпірінен ардагерлер жиналып колледжіміздің мұражайымен және Абайтану кабинетімен танысып қонақ болып қайтты.