College Activity Reports

Новости

 

  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшылығымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Шабыт», «Балалар кітапханасы», «Ұшқыр ой алаңы» жобаларын жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылдың 21 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде ойшыл, кемеңгер, қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ: РУХАНИЯТ, ПАРАСАТ, ТАНЫМ» атты педагогтердің өңіраралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

    Ұлттық болмысты танытатын, адамзаттық биік ойларға жетелейтін Абай мұрасын дәріптеу арқылы жастарға білім беру үдерісінде парасаттылық, адалдық және ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуді, сондай-ақ педагогтердің кәсіби және тұлғааралық дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға  22 мекемеден 70 жуық қатысушы өтінім берді. Олар: Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының жетекші мамандары мен педагогтері.

    Конференцияның ашылу салтанатында Теміртау экспериментальді жастар қазақ театры «Жетілу» атты пролог-композициясын қойды. Одан кейін Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бисенбек Жамбылұлы Насимуллин мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Алма Асхатовна Темирбулатова сөз сөйлеп, конференцияны ресми түрде ашып,  ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеп, Абай мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін бағыт-бағдар берер шамшырақ екендігін атап өтті.

    Конференцияның пленарлық отырысында  Абай шығармашылығы, оның бүгінгі заман жастарының тұлғалық келбетін қалыптастырудағы орны, ұлттық педагогикадағы рухани мұраның мәні туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.

Спикерлер қатарында:

  • Берік Серікбаевич Рахимов, филология ғылымдарының докторы, профессор
  • Нұржан Ерланұлы Боранбаев  «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері (онлайн)
  • Жарқын Амантаевич Түсіпбеков, дін саласындағы республикалық ақпараттық топ мүшесі
  • Мира Манасқызы Манасова, философия ғылымдарының PhD докторы
  • Райхан Налжигитовна Исмайлова, «Bolashaq» академиясының доценті

 

     Колледждің директоры Темирбулатова Алма Асхатовна «Абай» атын иеленген мұражай жөнінде электрондық жүйеде ақпарат беріп, лента қиғызу рәсімі өтті.

         Одан әрі конференцияның секциялық отырыстары келесі бағыттар бойынша  өтті:

  • Абай және руханият. Абай мұрасы мен  ұлттық руханияттың өзара байланысы, рухани адамгершілік құндылықтар;
  • Абай – парасат үлгісі. Абай философиясы мен парасаттылық идеялары, оның тәрбиедегі рөлі;
  • Абай мұрасы және педагогика. Абай идеяларын педагогикалық тәжірибеде қолдану, әдістемелік жұмыстар;
  • Абай және мәдениетаралық аударма. Абай шығармаларын аудару және әлемдік мәдениетке интеграциялау мәселелері.

         Сонымен бірге, алыс өңірлерден қатысушылар өз баяндамаларымен онлайн форматта бөлісті.

         Конференцияны қорытындылау барысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»  әдіскері Баймаганбетова Турсын Мукановна қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен модераторлардың жұмысына оң баға бере отырып, алғыс хаттармен  марапаттады.

    

  

  В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат», проектов «Шабыт», «Детская библиотека», «Площадка стремительных идей» под руководством Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области 21 ноября текущего года в Саранском высшем гуманитарно-техническом колледже имени Абая Кунанбая состоялась межрегиональная научно-практическая конференция педагогов «АБАЙ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА: ДУХОВНОСТЬ, МУДРОСТЬ, ПОЗНАНИЕ», посвящённая 180-летию со дня рождения мыслителя, гения, великого поэта казахского народа, основателя казахской письменной литературы Абая Кунанбаева.

 Мероприятие, организованное с целью продвижения в образовательном процессе идей высоконравственности, честности, национальных и общечеловеческих ценностей через популяризацию наследия Абая, а также содействия профессиональному и личностному росту педагогов, привлекло более 60 участников из 22 учреждений. Среди них ведущие специалисты и педагоги Карагандинской, Акмолинской, Павлодарской, Улытауской областей, а также городов Астана и Алматы.

  На торжественном открытии конференции артисты Темиртауского экспериментального молодёжного казахского театра представили пролог-композицию «Жетілу». Далее с приветственными словами выступили заместитель руководителя управления образования Карагандинской области Бисенбек Жамбылұлы Насимуллин и директор Саранского высшего гуманитарно-технического колледжа имени Абая Кунанбаева Алма Асхатовна Темирбулатова. Они официально открыли конференцию, пожелали педагогам творческих успехов и отметили, что наследие Абая является путеводным ориентиром для нынешнего поколения.

    На пленарном заседании были представлены содержательные доклады о творчестве Абая, его роли в формировании личности современной молодежи, а также о значении духовного наследия в национальной педагогике.

Спикерами выступили:

  • Берік Серікбаевич Рахимов — доктор филологических наук, профессор
  • Нұржан Ерланұлы Боранбаев  — ведущий научный сотрудник музея-заповедника «Жидебай-Бөрілі» (онлайн)
  • Жарқын Амантаевич Түсіпбеков — член республиканской информационной группы по вопросам религии
  • Мира Манасқызы Манасова — PhD, доктор философии
  • Райхан Налжигитовна Исмайлова — доцент Академии «Bolashaq»

   

   Директор колледжа Алма Асхатовна Темирбулатова представила информацию в электронном формате о музее имени Абая, после чего состоялась церемония перерезания ленты.

    Далее конференция продолжилась по следующим направлениям:
• Абай и духовность: взаимосвязь наследия Абая с национальной духовностью, духовно-нравственные ценности;

• Абай – образец мудрости: философия Абая, идеи нравственности и их роль в воспитании;

• Наследие Абая и педагогика: применение идей Абая в педагогической практике, методические разработки;

• Абай и межкультурный перевод: вопросы перевода произведений Абая и их интеграции в мировую культуру.

       Участники из отдалённых регионов представили свои доклады в онлайн-формате.

   В ходе подведения итогов методист Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области Турсын Мукановна Баймаганбетова дала высокую оценку работе участников, организаторов и модераторов, и вручила благодарственные письма и сертификаты.