Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін құжаттар тізімі:
Шетелдік студенттер үшін қосымша талаптар
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар толық көлемде ұсынылады.
Құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды түрде куәландырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алған жағдайда дипломды ресми тану рәсімі — нострификация жүргізілуі қажет.
Нострификация рәсімін өткізу тәртібі (толығырақ https://egov.kz/cms/kk/articles/university_degree/nostrification сайтында)
1. Апостильді тексеру. Білім туралы құжаттың түпнұсқасында апостильді тексеру қажет. Апостильді құжат берген елдің Білім министрлігі немесе Сыртқы істер министрлігі қояды.
2. Нотариалды аударма жасау. Білім туралы құжат пен қосымшаны қазақ немесе орыс тіліне аударып, нотариалды түрде куәландыру қажет.
3. Өтініш беру. Нострификация рәсіміне өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) тапсыру қажет.
.