Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

Колледждің индустриалды кеңесі

 

    "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК индустриялық кеңесі білім беруді дамытуға мүдделі және оның мүшелерінің жариялылығы, еріктілігі мен тең құқылығы негізінде әрекет ететін консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
Колледждің индустриалды кеңесі 2021 жылдан бастап құрылды, бірақ заңды тұлға емес. Индустриялық кеңестің қызметі ҚР БҒМ 31.12.2020 ж. №556 «Индустриалдық кеңесті құруға арналған әдістемелік ұсынымдар» туралы бұйрығына сәйкес жасалған, индустриялық кеңестің қызметі туралы 01.03 2021 жылғы ережемен реттеледі.
2024 жылы колледждің индустриалды кеңесінің құрамы жаңартылды. Қазір құрамында 15 адам бар, олардың ішінде әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер, колледж және студенттік қоғамдастық өкілдері бар.
    Индустриялық кеңестің төрағасы Исенов Шарип Машрабович - "СКЭП" ЖШС директоры, индустриялық кеңестің төрағасы.

 

Индустриялық кеңестің мақсаты мен міндеттері

 

    Индустриялық Кеңес қызметінің негізгі мақсаты "Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК-да іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы және стратегиялық қажеттілігі бойынша консультациялар мен ұсынымдар беру болып табылады
    Индустриялық Кеңес қызметінің негізгі міндеттері:

  • Мамандықтың өзектілігін қамтамасыз ету үшін колледждің білім беру бағдарламаларының мазмұнын қарау;

  • Практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға олардың қатысуын кеңейту мақсатында білім беру ұйымының бейіні бойынша сала кәсіпорындарымен байланыстарға жәрдемдесу;

  • Түлектердің жұмысқа орналасуына қажет болатын саланың ағымдағы тенденциялары туралы, талап ететін технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру.

  • Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы кеңес беру;

  • Кәсіпорындарды тарту бойынша колледждің оқу процесіне ұсынымдар қалыптастыру;

  • Студенттерге арналған стипендиялар мен сыйлықтар тағайындауға жәрдемдесу;

  • Оқу орнына зертханаларда, шеберханаларда және басқа да объектілерде қажетті оқу-өндірістік жабдықтар бойынша кеңес беру;

  • Колледжге өңір кәсіпорындарымен әріптестік қатынастарды дамытуға жәрдемдесу.

Индустриялық кеңестің құрамы

 

1.    Исенов Шәріп Машрабұлы - "СКЭП" ЖШС директоры, Индустриялық кеңестің төрағасы
2.    Насырова Лейла Асхатқызы - "Саран қаласының білім бөлімі" ММ бөлім меңгерушісі
3.    Темирбулатова Алма Асхатовна - " Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК
4.    Максименко Никита Валерьевич - "№ 17 мектеп-гимназия" КММ директоры 
5.    Рожков Иван Евгеньевич - "Алтын Арна Холдингі" ЖШС бас технологы
6.    Непокульчинская Наталья Владиммровна - "KamaTyres" ЖШС бас маманы
7.    Грибенников Евгений Юревич - "SESSaran" ЖШС Бас директоры
8.    Бегин Евгений Александрович - "Восход" ЖШС механикалық-энергетикалық қызметінің бастығы
9.    Дубенюк Ксения Игоревна - "Kazcentrelectroprovod" ЖШС бас маманы, цех бастығы
10.    Козыбагаров Амангельди Ибадуллаевич – "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары. 
11.    Теленков Сергей Андреевич - " Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары.
12.       Кунедилова Акмарал Даригуловна - "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК қазақ бөлімінің меңгерушісі.
13.    Дубровская Ольга Тавуэкельевна - "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК технология бөлімінің меңгерушісі.
14.    Оразханұлы Серікбол - "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК ІV курс студенті. 
15.    Шәріп Дамира – " Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК ІV курс студенті. 
16.    Григорьева Вера Вячеславовна - Индустриалды Кеңестің хатшысы.