ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Қарағанды облысының білім басқармасының «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК-ны 2024 жылдың 14 тамызынан бастап 2024-2025 оқу жылына келесі лауазымдар бойынша бос орындарға КОНКУРС жариялайды (1 орынға- 720 сағат оқу жүктемесі)

  • Музыка және әдістеме пәні оқытушысы – 1 орын (еңбекақы мөлшері: 120000-160000 тг);

  • «Экономика, есеп және аудит» мамандығы бойынша «Арнайы пәндер оқытушысы» (орыс тілді топтарға) - 1 орын  (еңбекақы мөлшері: 166000-200000 тг);

  • Химия пәнінің оқытушысы (қазақ тілді топтарға) - 1 орын  (еңбекақы мөлшері: 166000-200000 тг);

  • Өндірістік химия бойынша «Арнайы пәндер оқытушысы» (орыс тілді топтарға) - 1 орын  (еңбекақы мөлшері: 166000-200000 тг);

  • «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығына «Арнайы пәндер оқытушысы» (орыс тілді топтарға) - 1 орын  (еңбекақы мөлшері: 166000-200000 тг);

  • «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына «Арнайы пәндер оқытушысы» (орыс тілді топтарға) - 1 орын  (еңбекақы мөлшері: 166000-200000 тг);

  • Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы - 1 орын (еңбек ақы: 166000-200000 тенге)

Төмендегі қызметкерлер конкурссыз қабылданады:

  • Тәрбиеші (жатақханаға) - 1 орын (еңбекақы мөлшері: 120000-135000 тг);

  • Лаборант - 3 орын (еңбекақы мөлшері: 80000-92000 тг);

ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: Кандидаттар оқылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жопары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамассыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Кәсіби құзіреттілікті, оның ішінде ақпараттық - коммуникациялық құзіреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім алушылар, тәрбиленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер- 5 жыл, педагог - модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог - сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог - зерттеуші кемінде 4 жыл. Бос лауазымдардың мерзімі: белгіленбеген уақытқа. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамларына сәйкес келетін және төмендегі көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
КОНКУРСҚА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

  10.  ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

  11. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

  12. 11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

  13. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

ҚҰЖАТТАР КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАН 2024 ЖЫЛДЫҢ 14 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП 2024 ЖЫЛДЫҢ 22 ТАМЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ 7 ЖҰМЫС КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Саран қаласы, 101200, Ленина көшесі 14, sgtk.sgtk@mail.ru.
Кадр ісі жөніндегі маманның байланыс телефоны: 8 (72137) 5-11-81