Республиканың Халық ағарту
комиссариаты мен Қазақ АССР-і үкіметінің ұсынысы негізінде жергілікті халықтың
сауаттылығын жақсартуды түпкілікті шешу мақсатымен 1922 жылы Семей губерниялық халыққа
білім беру бөлімі еңбекшілерге қоғамдық-саяси тәрбие беру үшін қазіргі
Қарқаралы қаласында мұғалімдер даярлайтын уездік педагогикалық техникумын тек
қана бір қазақ тобы аясында ашты. Қазірде бұл-ғасырға жуық тарихы бар Абай
Құнанбаев атындағы САРАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ.
Ордалы білім ордасының іргетасын
қалаған қазақ бөлімінің қазіргі таңдағы келбеті мақтан етерлік. 1990 жылға
дейінгі мектеп бөлімі кеңеюіне байланысты қазақ бөлімі жеке шаңырақ көтерді. Сол жылдардан 2013 жылға дейін
қазақ бөлімін Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Ибраева Хорлан
Әміржанқызы басшылық жасады.
Қазіргі таңда қазақ бөліміне колледжіміздің түлегі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, облыс әкімінің «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» сыйлығының иегері Кунедилова Акмарал Даригуловна басшылық етеді. Бөлімде 60-қа жуық оқытушы студенттерге дәріс береді.
© СВГТК 2022 г. Все права защищены.