Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

Новости

     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен Саран қаласының мәдениет үйінде «Ғашықтар» күніне орай «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сайысы өткізілді. Сайыс 1-4 курс арасында ұйымдастырылды. Сайысқа 5 жұп қатысты. Нәтижесінде: 
    Бас жүлде: Ержан Жасұлан ҚТӘ 9-22 тобы - Муратхан Айшолпан БҚ 11-23 тобы;
    1 орын: Макулбаев Бекзат БДТ 11-21 тобы - Агзамова Дария ҚТӘ 9-20 тобы;
    2 орын: Сәуімбай Бексұлтан ДТ 9-22 тобы - Байшлакова Гульдана КИ 9-22;
    3 орын: Жұмтай Жанғали ДТ 9-21 тобы - Ерболатова Аружан БМ 9-21 тобы;
    3 орын: Қаупен Балғын ИЕТ 9-23 тобы - Жармен Айым БМ 9-23 тобы иеленді.

      Сонымен қатар көрермендерге «Үздік жанкүйер», «Үздік плакат», «Ең тапқыр жанкүйер» номинациялары табысталып, «Үздік жетекші» - Салауатты өмір салты және спорт фракциясының депутаты Тұрабай Нұр марапатталды. Сайысқа қатысқан жұптарға колледж әкімшілігі кәсіподағы атынан және Саран қаласының «Amanat» партиясының атынан сыйлықтар табысталды. Жүлделі орын иеленген барлық жұптарды шын жүректен құттықтаймыз!