Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

Новости

     04.04.2024 ж. күні “Жарқын идея шығармашылық” мектебінің  алғашқы ұйымдастыруымен Қарағанды облысының білім басқармасының “Таңшолпан” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мерекелік іс-шара өткізуге бардық. "Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады" демекші, біз Рамазан айының соңғы аптасында, балалардың көз алдарына ерекше  естен кетпес сәтті қалдыру мақсатында әртүрлі ойындар, билер, әндер шырқалды. Алған әсеріміз өте ерекше. Студенттер алғашқы рет барып тұрса да, көзбен көрген, жүрекпен сезінген бір бөлек екенін сезініп қайтты. Балалар үйінің  ұжымы біздің студенттерге керемет экскурсия жүргізді.       Жарқын болашақ Coworking орталығы, балалардың қолымен жасалған музей орталығы және де ең ерекшесі балалардың өзі отырғызған жылыжайымен таныстырды.
      Сөз соңында “Таңшолпан” балалар үйінің директоры Серік Амирханов “Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлық- техникалық колледжінің ұстаздарына, басшылыққа және де жетекшілік еткен Касимова Б.С.-ға алғысын білдірді. Топ студенттерінің атынан алғыс ретінде  Еркебұлан Ислам өзінің жылы лебізін өлең жолдармен білдірді.
    Бұл. Балалар үйі бір төр екен екен ғой
    Басшысы елді ойлаған ер екен ғой
    Жетімдер үйінен қорқушы едім
    Ертегіден әдемі жер екен ғой

    Таңшолпан балалардың дара таңы
    Өсіп келед бақыттың балапаны
    Мың алғыс осындағы аға-апаға
    Бала өсіріп аялаған алақаны.