Новости

     2025 жылғы 27 ақпанында сағат 11.00-де «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қарағанды қаласының Ә. Ермеков атындағы лицей-мектебінің акт залында Әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастары жайлы, педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары бойынша салалық заңнаманың қолданылуын, сала ішінде жұмыскерлердің жалақысы есептеудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Оқу-ағарту министірлігінің Орта білім беру комитетінің мамандарының қатысуымен Қарағанды облысында бірлескен семинар өткізілді.

      Аталмыш семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, жауапты әдіскерлер мен мамандар, облыстық мектептер мен колледждердің директорлары және директор орынбасарлары, кәсіподақ ұйымының басшылары қатысты.