Новости

        Қарашаның 28-і күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде ұлттық және адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің бірлестігі ұйымдастырған "Мамандығым-мақтанышым" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – осы салада білім алған түлектердің қоғамға қосқан үлесін насихаттау және студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру болды. 

       Дөңгелек үстелге колледждің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының әр жылдардағы түлектері қатысты. Олар өздерінің кәсіби жолдарындағы жетістіктерімен бөлісіп, осы саладағы білім мен тәрбиенің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар мамандықтың қоғамдағы рөлі, қазіргі заманғы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері, сондай-ақ қазақ тілінің өркендеуі үшін жастардың атқаратын рөлі жайында пікір алмасты. Түлектер студенттермен тәжірибелерімен бөлісті.