gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

   2026 жылғы 4–5 мамыр күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту жағдайындағы V Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінің финалдық кезеңін өткізді.

  Іс-шараның мақсаты білім беру саласындағы ЖИ мен цифрлық платформаларды қолдану жағдайларына бейімделген тиімді инновациялық шешімдерді анықтау, сараптамадан өткізу және тарату.

  Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасының Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарының педагогтері, сондай-ақ Ресей Федерациясынан (Мәскеу, Липецк облыстары) келген әріптестер қатысты.

Финалдық кезең екі кезеңнен тұрды:

  • 1-кезең (4 мамыр): демонстрациялық алаңдардың жұмысы. Қатысушылар өздерінің инновациялық әзірлемелерінің мазмұнын көрсететін ақпараттық материалдар қойылған стендтерді таныстырды. Қазылар алқасының сарапшылық бағалауы негізінде келесі кезеңге жіберілген жобалар анықталды.
  • 2-кезең (5 мамыр): үздік инновациялық әзірлемелер негізінде өткізілген шеберлік сыныптары. Бұл кезең аясында озық педагогикалық тәжірибе таратылып, жинақталды, сондай-ақ Жәрмеңке жеңімпаздары анықталды.

 

   

  Екінші кезеңге қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы критерийлер бойынша бағалады. Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:

  • 1-орын – Константиниди Анна Петровна, Лебольд Райхан Бахытовна, Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
  • 2-орын – Зимина Елена Владимировна, Мустапинова Оксана Владимировна, Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
  • 3-орын – Рыспаева Гульжазира Жакиповна, Нарынбетова Айнур Кадирхановна, Кузенбаева Бексулу Орынбековна, «Бахыт» кешенді мектеп-бөбекжай-бақшасы» ЖШС.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:

  • 1-орын – Лукова Анна Юрьевна, Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» КММ; Пфенинг Наталья Владимировна, Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ;
  • 2-орын – Зейнетуллина Бақтияр Көбестайқызы, Мамадхан Айсұлу Алмасқызы, Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • 3-орын – Джолдыбаева Азиза Урынбасаровна, Қанат Назерке Болатқызы, Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицей» КММ.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:

  • 1-орын – Ильяшова Бакытгуль Файзуллиновна, Еркинова Зульфия Амангельдыевна, Жамангарина Мейрамгүл Айтказиевна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ;
  • 2-орын – Рахимбаева Танжарик Койшибаевна, Ахметова Айнұр Әбдужаппарқызы, Идрисова Меруерт Абильтаевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; Шилин Александр Геннадьевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
  • 3-орын – Тетай Ұлан Ерланұлы, Рымбекова Динара Боранбековна, Садуакасов Жасулан Сакенович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Кайырбекова Индира Амангазиевна, Калиева Аяжан Маратовна, Микляев Евгений Михайлович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК; Айдарова Дарига Достаевна, Шамгулова Сая Бериковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:

  • 1-орын – Блок Юлия Андреевна, Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;
  • 2-орын – Мациевская Дарья Олеговна, Саран қаласы білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КММ;
  • 3-орын – Ятченко Дарья Михайловна, Саран қаласы білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КММ.

Арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері арасында:

  • 1-орын – Никомбаева Шолпан Сартаевна, Блялова Раушан Жанысбековна, Абилова Меруерт Канатовна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
  • 2-орын – Жаркенова Айгуль Даутовна, Таксимова Анар Маратовна, Боранбай Қаламқас Қуанышқызы, «№8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
  • 3-орын – Баймолдина Бакытгул Сабыровна, Терликбаева Алия Даулетовна, «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ.

Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары арасында:

  • 1-орын – Муфталова Акку Кусаиновна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
  • 2-орын – Максименко Никита Валерьевич, Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ;
  • 3-орын – Тусупбаев Аблайхан Тулегенович, Тусупбаева Алия Канатовна, Жексенова Бибинур Омарбаевна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ.

Жақын шетелден келген қатысушылар арасында:

  • 1-орын – Крайнова Юлия Александровна, Усачёва-Комарницкая Нина Николаевна, Мәскеу облысының «Серпухов колледжі» МКББМ;
  • 2-орын – Денисова Анастасия Дмитриевна, «Лебедян педагогикалық колледжі» МКББМ;
  • 3-орын – Ермилова Наталья Валерьевна, Мәскеу облысының «Серпухов колледжі» МКББМ.

   Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға озық педагогикалық тәжірибені таратқанын растайтын сертификаттар табысталды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 2026 жылғы инновациялық жобалардың электронды жинағын шығару жоспарлануда.