gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

     8 сәуір Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Монголия Жансерік пен Ардан Омиртаевич “Дене тәрбиесі сауаттылық апталығы” аясында “Спорт қалай шыңдайды” тақырыбына Грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, Саран қаласының тумасы Мұрат Нұртуғанмен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы жетістікке қалай жеткені туралы өз ойымен бөлісіп және алғашқы жаттықтырушысы Саран қаласы спорт мектебінің жаттықтырушысы Сүндет Ғабитұлы, қазіргі таңда Ә.Молдағұлова атындағы мамандандырылған олимпиадалық резерв интернат-колледжінде оқып жатқандықтан, қазіргі жаттықтырушысы Байымбетов Дулатқа алғысы шексіз екенін жеткізді. Кездесу барысында колледжіміздің дене тәрбиесі мамандығының студенттері сұрақ қойып, ой түйді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Жанбол Қарымсақович жас чемпионды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
    Кездесу соңында Мұрат Нұртуған маусым айында Тайландта өтетін Азия жарысына жолдама алып, Қазақстан Республикасының намысын қорғауға барынша күш, жігерін салып жатқанын баяндады. Мұрат Нұртуғанға алдағы Азия жарысында жеңіс тілейміз.
   Нұртуған сияқты біздің колледжіміздің студенттері Еліміздің көк туын биікке желбірете берсін деген ниеттеміз!