College Activity Reports

Новости

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

 

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстан — бірлік пен болашақ мекені!» атты Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

 

Салтанатты жиын еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, колледж директоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Темирбулатова Алма Асхатовна білім ордасының ұжымы мен студенттерін мерекемен құттықтады. Мерекелік жиын аясында оқуда, тапқырлықта және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан үздік оқытушылар мен студенттер марапатталды.

 

Шара барысында студенттер мен оқытушылар патриоттық әндер шырқап, отансүйгіштікке толы жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Бағдарлама аясында «Жігер» парламенті білім алушыларының биі, «Мен қазақпын», «В небе беркут свободная птица», «Көзімнің қарасы», «Қазақ елі», «Қазағымсың» және Шаймұрат Сәлдеттің жетекшілігіндегі хордың «Күнге табыну» сияқты әсерлі музыкалық нөмірлері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Мерекелік кеште адал азамат болу, білім мен еңбектің маңыздылығы, ел бірлігі мен «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық жауапкершілік тақырыптары кеңінен насихатталды.